Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Онда елордадағы қауіпсіздік шараларын, әсіресе, террористік тұрғыдан осал нысандарда бақылауды күшейту мәселелері қаралды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
– Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков арнайы өткізілген отырыс барысында қаланың қауіпсіздік шараларын, әсіресе, террористік тұрғыдан осал нысандарда бақылауды күшейту мәселелері қаралды, – делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.
Тәртіпке сәйкес, лаңкестің болуы ықтимал жағдайда қауіптің „сары„ деңгейі жарияланады. Ал лаңкестік актісі болу қаупі алдын ала расталса, онда „қызғылт-сары„ деңгей енгізіледі. „Қызыл„ деңгей теракт болған кезде жарияланады. Мысалы, қазір Ақтөбеде лаңкестіктің „қызыл„ деңгейі жарияланған.