Қазақстанның бүкіл аумағында лаңкестік қауіптің „сары„ деңгейі енгізілді. Мұндай дабылды хабар туралы Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл және басқа да облыстардың, сонымен қатар Астана мен Алматы сынды екі ірі қаланың тұрғындары құлақтандырылды.
ҚР Терроризмге қарсы орталығының мәліметі бойынша, лаңкестік қауіптің „сары„ деңгейі барлық облыс бойынша 40 тәулікке енгізілді.
„Осыған байланысты мемлекеттік орган қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмысына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Қараусыз жатқан сөмке, әсіресе, сымы бар заттарға және суыт жүрістегі адамдарға сақтықпен қараңыздар. Күдікті затқа тиіспеңіздер. Сабыр сақтап, у-шуға берілмеңіздер„ делінеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті таратқан хабарламада.