Алматы облысының тұрғыны өз үйінің ауласынан үйсін батырының сүйегін тауып алды деп хабарлайды 31 телеарна.
Алматы облысы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны Елтай Базарбаевтың күрегі өз үйінің ауласынан жертөле қазып жатқанда, 2 метр тереңдіктен соң адам мүрдесіне тиген.
– Біз сүйекті қазып алдық. Қатты қорқып кеттік. Учаскелік полицияны да шақырдық. Содан кейін барып оның археологиялық жәдігер екенін білдік. Ол арада тағы басқа дүниелер де жатқан болуы мүмкін ғой. Бірақ үйімнің ауласында біреу жерленіп жатты деген ой басыма келсе, денем түршігіп кетеді, – дейді Елтай Базарбаев.
Археолог жерлеу рәсімі біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырда өткен болуы мүмкін деп болжайды. Адам сүйегін тексерген мамандар оның үйсін батыры болуы ықтималдылығын жоққа шығармайды.
Алдында Павлодар тұрғыны Борис Рыбальченконың ауласының астынан көне қорым табылғанын айта кетелік. Археологтар қазып алынған адам сүйегі мен түрлі көне бұйымдарды VIII-IX ғасырдағы Қимақ қанағатына тиесілі деп топшылаған еді.