Павлодар тұрғыны Борис Рыбальченконың ауласының астынан көне қорым табылды. Археологтар оны VIII-IX ғасырдағы Қимақ қанағатына тиесілі дүние деп топшылап отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Үйін сатуға дайындап, құбыр жүргізбекші болған Борис Рыбальченко ауласын қазу кезінде адам сүйектеріне тап келеді. Бастапқыда арнайы шақыртумен жеткен полиция қызметкерлері Борис Рыбальченконы әбден мезі еткен көрінеді. Алайда адам сүйегінен тыс ол араны қопарғанда көне заттар мен жылқы сүйектері де шыға бастайды. Сол кезде полиция қызметкерлері археологтарға хабар берген.
«Полицейлердің мұндай жағдайда бірден ілік іздейтіні қызық. Менен қайта-қайта түсініктеме алды. Адам мен малдың бірге көмілгеніне көздері жеткен соң мұнда археологтарды шақыртуға тура келді»,-дейді Борис Рыбальченко.
«Болжам бойынша, мына адамдар көне түркі елінің адамдары. Өйткені ер адамның денесімен бірге жылқы да көмілген», – дейді С.Торайғыров атындағы ПМУ археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Виктор Мерц.