Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

350 келі салмақтағы Қостанай тұрғыны ота жасату үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды

Оның бұл өтініші Alau.kz жергілікті интернет ресурсына берген сұхбатында жария етілді.

Қазір Галинаға диета да көмектеспейді. Артық салмақтан арылу үшін 39 жастағы әйелге асқазанды кішірейту отасын жасату керек. Алайда қолдың қысқалығы қостанайлық тұрғынның жолын байлап отыр. Ол анасы екеуі жатақхананың бір бөлмесін жалға алып тұрады екен.

– Мейірімді, қайырымды жандардан маған қол ұшын созуды сұраймын. Мен бойымдағы үрейді жеңіп, ауруханаға төсегіне жаттым. Ондағы мақсатым – емделіп шықпақ. Бұған дейін өз салмағымнан ұялып, көшеге де шықпайтын едім. Мені ауруханаға жеткізу үшін төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақыруға тура келді, – дейді Галина сұхбатта.

Салмағының ауырлығынан Галинаны ауруханаға экскаватормен жеткізуге тура келген.

– 29 маусым күні тынысым тарылып, гемоглобинім төмендеп кетті. Денем ісіне бастады, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болдық. Мен бала кезден толық болатынмын, алайда бұл маған еш уақытта жайсыздық келтірген емес. Ал осыдан 5 жыл бұрын тіземді жарақаттап алдым, содан кейін салмағым бірден өсе бастады. Төсекке таңылдым, зат алмасу процесі бұзылды, диетаның да еш пайдасы болмады. Өздігінен жүріп-тұра алмай қалдым, – дейді 350 келі салмақтағы Галина.

Дәрігерлер Галинаның семіздіктің төртінші сатысында екенін, оған шұғыл ота жасау қажеттігін айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз