Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

15-маусымдағы доллардың құны: 341 теңге

ҚР Ұлттық банктің бекіткен америкалық валютаның ресми құны дүйсенбіде 333,97 теңге, сейсенбіде 335, 81 теңге болса, ал бүгін – 15 маусымда ол 337,65 теңгені құрады. Осылайша апта басынан бастап АҚШ долларының ресми бағасы 5 теңгеге өсті.

Ал ақша айырбастау орындарындағы бағамға жүгінсек, америкалық валюта осы апта басынан бері шамамен 10 теңгеге нығайған.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 337-338,5 теңге аралығында сатып алынып, 340-341 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал кеше ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 333-334 теңге аралығында сатып алынып, 336-337 теңге аралығында сатылғанын еске сала кетелік.

ҚР Ұлттық банктің 15-маусымға бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 еуро —378,71 теңге, ресей рублі — 5,11 теңге, 1 фунт стерлингі — 477,98 теңге, жапон йені— 3,19 теңге, 1 қытай юаньы — 51,21 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,97 теңге, 100 өзбек сумы— 11,51 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 14-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 337,65 теңге деңгейінде нақтыланды.

Қазір халықаралық нарықта Вrent сортының баррелі 50,02 доллар (-1,0%) деңгейінде болып тұр. Ал америкалық доллар федералды резерв жүйесінің кезекті отырысының уақыты жақындауына байланысты әлемдік аренада қайтадан өз позициясын нығайтуы мүмкін. Сондай-ақ, осы аптада алтын құны да қымбаттайды: апта басында бағалы металдың троя унциясы 1286 доллар болады деп болжанып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз