ҚР Ұлттық банктің 5-шілдеде жариялаған 1 АҚШ долларының ресми бағамы — 337,39 теңге. Ал кешегі ресми бағам 338, 04 теңге болған. Демек, америкалық валютаның ресми құны түсіп барады.
Дегенмен бүгінгі ақша айырбастау орындарындағы баға АҚШ долларының қайтадан сәл „салмақ„ жинайтындығын байқатады.
Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 336-337 теңгеге сатып алынып, 337-339 теңге аралығында сатылып жатыр. Бұл арада кешегі бағаммен салыстырғанда сатып алу құнында 1 теңгеге қымбаттау бар.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 4-шілдедегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 337,39 теңге деңгейінде нақтыланды.