Уақытша пайдалануға берілген жерге қарағанда, жер иелері өңдеген жердің өнімділігі жорғары — Қуандық Бишімбаев

39 просмотров

Қазақстан ауыл шарушылығы көрсеткіштері әлемдік көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, — деді кеше Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі, осы комиссияның мүшесі Қуандық Бишімбаев. Бұл туралы jerturaly.kz хабарлайды.

«Қазақстан ауыл шаруашылығы көрсеткіштері әлемдік көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің көрсеткішінен 10 есе, Ресей көрсеткішінен 2 есе және Беларусь деңгейінен 1,5 есе төмен. Еңбектің капиталымен жарақтануы Ресей көрсеткішінен 3 есе және Беларусь елінен 9 есе төмен. Осының барлығына тартылған инвестиция деңгейінің төмендігі себеп болып жатыр, сондай-ақ соңғы 10 жылдың ішінде ауылшаруашылығына инвестиция тарту көлемі барлық инвестиция қаражатымен салыстырғанда, небәрі 2 пайызды құраған», — деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жерге меншік құқығы инвестиция ағымын ұлғайтуға, жер ресурстарын жақсартуға, ауыл шаруашылығы өнімділігі мен жұмыс қамту деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Осы ретте ол бірқатар елдердің тәжірибесіне тоқталып өтті.

«Көптеген әлемдік тәжірибені қорытындылай келе, жер реформасы ешқашан өндірісті төмендетпейді, керісінше әрдайым тиімді нәтижелерге алып келеді. Уақытша пайдалануға берілген жерге қарағанда, жер иелері өңдеген жердің өнімділігі жоғары», — деді Қ. Бишімбаев.

Кеше, яғни 14 мамырда Астанада Жер реформасы бойынша құрылған арнайы комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай, Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексінің нормаларын түсіндіру және талқылау, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.

Құжатта жалпы ереже, міндет, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі сондай-ақ, құрамы бекітілген.

Загрузка...