Төреғалиды ашуландырған шымкенттік тілші түсініктеме берді

336 просмотров

Журналист Мақпал Рысбаева Шымкентте әнші Төрағали Төрәлінің БАҚ құралдарына сұхбат беру кезінде болған жағдайға байланысты түсінік берді.

Бұл туралы kk.tvk-uko.kz хабарлайды.

“Мен болған жайды тағы баяндаймын. Өлеңдеп, асыра сілтеу маған жат. Мен сұхбаттың басында әншіні дұрыс „фонға„ қойып, „қолыңды түсіре ғой„ деп, оған бұл көріністің эфирде жақсы шықпайтынын айтқым келген. Өрекпіп мұрша бермеді. „Команда берді„ деп ойлап, көтеріліп кетті. Мен содан кейін ғана дауыс көтеріп, түсіндіруге мәжбүр болдым. Бары сол. Ел алдында жүрген соң орнымызды білейік. Пікір айтсаңыз да орынды болғай” – деп шымкенттік тілші әлеуметтік желіде пікір қалдырған.

Загрузка...