Сириядағы ондаған көмек көрсету топтары БҰҰ-мен әріптестікті тоқтатты

37 просмотров

Сириядағы ондаған көмек көрсету топтары БҰҰ-мен жұмыс істеуді тоқтатамыз деп мәлімдеді. Себебі олардың агенттіктері мен әріптестері Башар Асад режимінің ықпалында қалып отыр.

БҰҰ-ның гуманитарлық көмек жөніндегі басқармасына бас-аяғы 73 топ хат жазған. Олар сонымен бірге БҰҰ агенттігінің Сириядағы жұмысын тексеруді талап еткен.

Аталған ұйымдардың ішінде Сирия-Америка медициналық қауымдастық, «Сириялық азаматтық қорғаныс» топтары бар. БҰҰ өкілі Стефан Дуярич айыптарды жоққа шығарып, БҰҰ-ның кейбір агенттіктері Башар Асад режимімен қоян-қолтық жұмыс істейді деді.

Қазіргі уақытта Сирия үкіметінің әскері мен оның одақтастары жаңа аумақтарды басып алып, Алеппоға бақылауын күшейтіп жатыр. Алты жылдан бері созылып келе жатқан соғыста кемінде 290 мың адам көз жұмды. Халықаралық қауымдастықтың соғысты тоқтату үшін жасап жатқан келіссөздері сәтсіз аяқталып жатыр.

Загрузка...