Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ресей ауыр атлетика құрамасы тұтастай Олимпиададан шеттетілді

IWF 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен 7 ресейлік ауыратлеттің сынамасын қайта тексерген және бұл сынамаларда спортшылардың допинг қолданғаны анықталған. Ауыр атлетикадан тұтас Ресей құрамасын алдағы Олимпиада ойындарынан шеттетуге дәл осы жайт себеп болған. Спортшылардан тыс IWF Рио ойындарынан ресейлік техникалық комитеттің өкілдерін түгелдей шеттетті.

Өз кезегінде IWF  комиссиясының мүшесі, ауыр атлетикадан Ресей құрамасының экс-бапкері Давид Ригерт федерацияның бұл әрекетін “бандитизм” деп атап, шығарылған шешімдей әділетсіз санайтынын айтты.

Айта кетелік, бұдан бұрын Наталья Заболотная, Светлана Царукаева, Андрей Деманов және Александр Ивановтың допинг қолданғаны анықталған болатын. Бұлардың екеуі Лондондағы Олимпиадада жүлде алған. Наталья Заболотная мен Александр Иванов өз салмақ дәрежелерінде күміспен күптелген еді.

Ал одан бұрын Надежды Евстюхина, Марина Шаинова және Апти Аухадовтың допинг қабылдағаны белгілі болған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз