Америкалық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Орталық Азия елдеріне арналған тур аясында Қазақстанда өнер көрсететінін растады. Ақпаратты Алматы Қоғамдық кеңесінің №5 комиссия отырысында «Спорттық нысандар дирекциясы» ЖШС-нің бас директоры Есет Байтасов мәлімдеді.
Дирекцияның таныстырылымына сәйкес, екі концерт те 2026 жылы Алматының Орталық стадионында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Есет Байтасовтың айтуынша, қазір бұл жай ғана келіссөз емес, нақты күндерді бекіту, ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді пысықтау кезеңі.