Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай биыл әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеді. Қорғаныс министрлігі биыл Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, оның орнына бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда: ерлік сабақтары; үздік әскери қызметкерлерді марапаттау; ардагерлерге құрмет көрсету; экологиялық акциялар; әскери оркестрлердің шеруі; шығармашылық ұжымдардың концерттері; әскери техника мен қару-жарақ көрмесі; «Солдат ботқасы» акциясы; ашық есік күндері.