Мейрамбек Беспаев: «Көп әйел алуға қарсы емеспін. Қазақ көбейсе жақсы емес пе?»

2 511 просмотров

Шыны керек Мейрамбек Беспаевтың сұхбат берген кезін естіген емеспіз. Берген де шығар. Бірақ сирек. Сонысымен де құнды негізі Мейрамбектің сөзі. Мassaget.kz сайтында жарияланған әншінің сұхбатын көзге ілмей өте алмадық. Оның өнері мен өміріне қатысты дүниелердің көпшілігін білеміз ғой. Оқығанбыз. Сондықтан оның өнер жолына қалай келгенін, отбасы, ошақ-қасы туралы әңгімелерін алған жоқпыз. Ұлт, тіл, көп әйел алу тақырыбына қатысты ой-пікірін білдіріпті. Сонысы қызықты көрінді.  

– Сізді қазақтың намысты жігіттерінің бірі деп білеміз. Жалпы сізді қандай ой қатты мазалайды?

– Жалғыз мені емес, көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген адамды қазіргі қоғамымыздың түйткілді мәселелері толғандырмай қоймайды. Тәуелсіздік алған жиырма жылға жуық уақыт ішінде өзіміздің қазақша музыкалық теле-радиомызды жасай алмағынымызға, тіліміздің жетім баланың күйін кешіп келе жатқандығына қынжыламын. Басылымдарымыздың барлығы бір-біріне ұқсайды, ешқандай ерекшелік жоқ. Құдайға шүкір, өсіп келе жатырмыз, бірақ, өте баяу. Кеше ғана Монғолияға, Пекинге барып келдік. Монғолияда қазақтар көпекен, алақандарына салып күтті. Онда қазақтарға ешқандай қысым байқамадым. Керісінше, біздің елімізде қазақтарымыз өгейсініп жүреді. Монғолияда жиырмаға жуық телеарна бар екен, өздерінің тілін, өнерін, салт-дәстүрін насихаттайтын. Ал, Қытайда қателеспесем қазақ тілінде 3 телеарна бар екенін жақсы білесіз. Қараңызшы, ұлтқа, ұлттың өнеріне  деген керемет жанашырлық. Біздің Қазақстандағы қазақтардың халі аянышты.

8

– Сіздіңше, қазақ тілінің, қазақ өнерінің осындай халге жетуіне кім кінәлі?

– Билігіміздің әлсіздігінің жемісі. Биліктегілердің жеріне, тіліне, ең бастысы ұлтына жанашымастығының салдары бұл. Қарапайым халық мүддесін ойлап жатқан ешкім жоқ. Билік басындағылардың басым көпшілігі қазақ тілін білмейді. Өз тілін білмегендерден не үміт, не қайыр болады?

– Көп әріптестеріңіз сізді «жүрекпен орындайды» дейді. Сонда жүрекпен орындау дегеніміз не? Әнші жүрекпен орындамаса да, әнші бола бере ме?

– Жүрекпен орындамау дегенді түсінбеймін. Мен әнді қалай түсінемін, солай орындаймын. Мына жерінде осы жұртты жылатайыншы деген ой жоқ менде. Алайда, қазіргі қазақ эстрадасында менен де мықты жақсы әншілер бар деп ойлаймын.

– Кезінде көптеген жас қыздар «Мейрамбек Беспаев» деген аурумен ауырды. Қазір де сізді қыздар жиі мазалай ма?

– Әр нәрсе өз уақытысымен жүреді. Бір кездері менің өнерімді бағалаушы қыздар «Мейрамбек, Мейрамбек» десе, қазір «Аға, аға» деп жатады. Мазаны жиі алатын қыздар әлі де бар. Сондықтан телефон нөмірін жиі ауыстырамын.

– Әзірге бір ғана қызыңыз бар. Ал болашақта неше баланың әкесі болғанды қалайсыз?

– Мүмкіндігінше ұрпағым көп болса екен деп тілеймін. Баламыз көп болса, қазақ та көп болады.

– Кейбіреулер «көпбалалы отбасы болу үшін – көп әйел алу керек» дейді. Сіз көп әйел алуға қалай қарайсыз?

– Шама жетсе, неге алмасқа? Ұрпақтың көптігі үшін, Алла разылығы үшін алуға болады. Ал жай мақтан, дақбырт болса, ондай тірлік ер жігітке жараспайды. Дінімізде, салтымызда бар нәрсе ғой екі немесе одан да көп әйел алу. Тек деген жақсы ұғым бар қазақта. Тектіден текті туады. Мысалы, кезінде Құнанбай атамыз Ұлжан апамызды екінші әйел етіп алмаса, онда дана Абай туылмас еді ғой. Адам тағдырға, өткен ата-бабаларымыздың ісінің дұрыстығына сену керек. Көп әйел алуға қарсы емеспін.

14284076635082

Загрузка...