Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Илья Ильиннің қанынан допинг табылғанына жанкүйерлері сенбейді

Бұл видео «@100lichnosti» инстаграмм аккаунтында орналастырылыпты.

«Ролик ауыр атлетикадан Қазақстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Олимпиада рекордсмені Илья Иьинді қолдауға арналған. Чемпион – еліміз бір өзіңе сенеді», – деп жазылған видео анықтамасында.

Клиптің авторы видеотуындыда «Премьер-министр» тобының «Қос бриллиант» деген танымал әнінің әуенін пайдаланып, мәтінінде «Оның қанында допинг емес, жылқының еті, қымыз бар» деген сөздер айтылады.

Илья Ильиннен бөлек, допинг-шуға Олимпиада чемпионы Зульфия Чинчанлоның да есімі іліккен. Егер бұл ақпарат расталатын болса, екі спортшымызда Олимпиада ойындарындағы алтын жүлделерінен айырылатын көрінеді. Ал бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Министр:„ Егер қайталанып алынған сынамаға қатысты қорытынды шығарылса, онда, ең бірінші, бізге ескерту келіп түседі. Біз ондай ескерту алғанымыз жоқ. Сондықтан Ильинді айыптау – орынсыз„ деп мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз