Еліміздің басым аумағында ауа-райы тұрақсыз болады

62 просмотров

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады, кейбір өңірлерде бұршақ түсіп, тұман болуы ықтимал.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 31-шілдеде Ақмола облысында бірқатар аумағында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы да ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде де күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, қатты жел тұрады. Қарағанды облысында бұршақ түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жел соғып, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жауын-шашынды болады.

Алматы облысында да жел соғып, күн күркірейді, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі де ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да ауа-райы тұрақсыз. Көкте найзағай жарқылдап, күн күркірейді.

Атырау, Батыс Қазақстан, сондай-ақ Ақтөбе мен Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының бірқатар аумағында сынап бағанасы қатты жоғарлайды.

Загрузка...