Қазақстан Ұлттық банктің 20-мамыр күніне бекіткен доллардың ресми бағамы – 334,89 теңге. Ал ақша айырбас пункттерінде АҚШ валютасын сатып алу құны 330-331 теңге, ал сатылымдағысы — 333-334 теңге деп көрсетіледі. Бұл мәліметтер kurs.kz сайтында тіркелген.
Кешегі күнмен салыстырғанда ақша айырбас пункттерінде АҚШ валютасының сатып алу мен сату құнындағы айырма – 1 доллар. Ал ресми бағамда үлкен өзгеріс жоқ.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 19 мамырдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 334,89 теңге деңгейінде нақтыланды.