Алматыда жаңадан салынған үйлер қисайып жатқан аудан мектебінде ыстық су атқылады

124 просмотров

Алматыда Алғабас ықшам ауданында орналасқан №182 жалпыға білім беретін мектепте құбыр жарылып, ыстық су атқылады.

Алматылық мектептегі төтенше жағдайды түсірген видео да интернетте жария болды. Онда судың мектеп ғимараты қабырғасының сыртына дейін өтіп кеткені көрініп тұр.

Мектеп әкімшілігі жылыту жүйесі құбырының жарылып кетуінен ыстық су атқылағанын айтты деп хабарлады Tengrinews.kz.

„Бірнеше күн бұрын жылуды қосқанбыз. Үшінші қабаттағы, баспалдақ алаңындағы құбыр жарылды. Біз бірден жертөлеге түсіп, құбырға ыстық суды жіберетін кранды жаптық. Апаттың салдары жойылды, жылу беріліп жатыр„ — деді №182 мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Ғалымжан Жалмұханбетов.

Загрузка...