Алматыда 1-маусымда бірқатар мәдени шаралар өткізіледі

68 просмотров

„Алматыда 1-маусымда Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орай бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылады„, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы.

Аlmaty.kz сайтында келтірілген мәліметке сүйенсек, қаланың Орталық демалыс саябағында сағат 10:00 -де «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық конкурсы, ал сағат 12:00 -де Николай Сац атындағы театрда Сергей Михалковтың «Три поросенка» қойылымы, Мемлекеттік қуыршақ театрында сағат 11-00-де концерт өтеді.

Республикалық неміс театры «Тенгри-Умай» алаңында «Обезьянки в космосе» көрсетілімін қояды.

Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артистері сағат 15.00-де Жамбыл атындағы филармонияда «Бременские музыканты», «По следам бременских музыкантов» қойылымдарын ұсынады.
Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында сағат 16.00-де Марат Омаров «Әкетай, Көкетай» бағдарламасына шақырады.

Сағат 10:00 -де Бегалин атындағы кітапханада Алматының 1000 жылдығы мен кітапхананың 65 жылдығына арналған «Книжный мир детства» шарасы өтеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін қайырымдылық акциясы аясында сағат 12.00-де Қазақ циркінде көрсетілім ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайының ұжымы 28 панфиловшылар саябағында «Бар мейіріміміз балаларға» атты концерт береді.

Қала тарихы, Мұқанов пен Мүсірепов мұражайлары балалар үшін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Ашық есіктер күндерін өткізеді.

Загрузка...