Алматы облысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірнеше теракті жасауды жоспарлаған экстремистік топты қолға түсірді.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Биыл 18-тамызда Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді», – деп аталып өткен ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Радикалдардың ұлттық қауіпсіздік комитетіне, полиция мен әскери бөлімше қызметкерлеріне және олар орналасқан орындарға қарулы шабуыл жасау жөніндегі жоспарлары жойылды. Олар адамдар көп жиналатын орындарда террористік актілер ұйымдастырмақ болған.
Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, оның нәтижесі қосымша хабарланады, – делінген арнайы қызметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.