Тайландта 23 жастағы америкалық турист қыз өзін зорламақ болған тай жігітінен қашамын деп, жардан құлапты. Оның омыртқасы сынған екен.
23 жастағы Ханна Гавиос Тайландтағы Краби аралындағы Релей бич курортында адасып қалып, кездейсоқ бір сувенир дүкеніне кіріп, көмек сұрайды. Жол көрсетемін деп шыққан жігіт қызды ертіп кетеді, қыз артынан ере берген.
Қалың орман ішінде жігіт қызға тап беріп, шешіндіре бастапты.
Қыздың қашудан басқа амалы болмаған. Бірақ қашып бара жатып жардан құлапты.
70 метрлік жардан құлаған Ханна Гавиостың омыртқасы сынып кеткен. Бірақ зорлаушы 28 жастағы тай жігіті Апай Руенгворн құлап жатқан қыздың жанына келіп, арам тірлігін жалғастыруға кірісіпті.
Ақыры Руенгворн кетіп қалып, сәлден кейін бірнеше жергілікті тұрғындарды ертіп қайтып келіпті.
Қызды жартастан түсірген тұрғындар оны дәрігерлердің қолына өткізді.
dailymail.co.uk