Баян Алагөзова тұңғышы Айсәуле Бақытбекті туған күнімен құттықтады. Айсәуле бүгін 22 жасқа толды.
Жұлдызды ана қызымен түскен суреті мен құттықтау тілегін өзінің инстаграм парақшасына салып, жазба қалдырды.
“Мен сені қалай күттім. 22 жыл бұрын сен мені жер бетіндегі ең бақытты жан еттің. Мен әрқашанда сен үшін жақсы ана болуға тырысамын, өйткені сен менің ең керемет қызымсың. Мен әрдайым сенің қасыңнан табыламын,сенімен біргемін. Бақытты бол менің жүрегімнің бір бөлшегі”, деп жазды Баян Алагөзова.
https://kaz.365info.kz/atten-aken-khasynda-zhokh-ajsaule-bakhytbek-neke-zhyzigin-takhty-foto-video-316154
Баянның құттықтауына қосылып, Айсәуленің бойжетіп қалғанын және анасынан аумайтынын айтып жазғандар да бар.Туған күн иесі де желіге өзінің мерекесі екендігін айтып, хабарлаған.
Қызының жазбасынан әсер алған Алагөзова бала тәрбиесі жөнінде тағы бір жазба қалдырған екен.
“Бойжеткен қызың болғаннан кейін көп ойланасың,оған тек анасы емес сырлас дос болуға тырысасың. Өйткені, ол бұрынғы кішкентай балапаның емес, өзі саған ақыл айтқысы келетін ересек адам.
Оның қателіктерін айта бермей, балаңа деген махаббатыңды да аямауың керек. Мен қызыма ешқашан да мынауың дұрыс емес деп айтқан емеспін.
Оның достары мен құрбылары және олардың ата-аналарымен қарым- қатынасына араласып көрген жоқпын. Мектептегі ата-аналар жиналысына да барған емеспін, өйткені мен балама сендім де, артынан тексеріп көрмедім.
Міне, мен осындай анамын. “Балаңды тәрбиелеме,тәрбиені өзіңнен баста” деген жазбаны бұрындары оқыған едім.
Менің жақсы-жаман екендігім маңызды емес, маңыздысы осы жазба”, деп жазды продюсер.
https://kaz.365info.kz/mojnynda-krest-bayan-alagozova-orazada-keshirim-syrajmyn-dep-basy-dauga-khaldy-foto-315387