Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жұмысқа жегу керек!”. Өз әкесі үш рет зорлаған қыз педофилдерді піштіруге қарсы шықты

Бүгінде “Не молчи” қоғамдық қорының баспасөз хатшысы Йоханна Ақбергенова өзін биологиялық әкесінің үш мәрте зорлағанын айтты. Яғни, бойжеткен өзін педофилдің құрбанымын деп санайды. Десе де, ол қылмыскерлер мен педофилдерді өлім жазасына кесуге қарсы шықты.

“Менің анамды 29 жасында туысы зорлаған. Бұл жағдаймен өзім де кездестім. Бір емес, үш рет. Мені зорлап кеткісі келген кісі — өзімнің биологиялық әкем. Педофилдерді өлім жазасына беру керек пе, керек емес пе деген тақырыпта петиция жинап жатыр. Меніңше, педофил болсын, қылмыскер болсын, оны өлім жазасына кесуге болмайды. Неге халық түсінгісі келмейді?!

https://kaz.365info.kz/khazakhstanda-pedofilderdi-himiyalykh-kastratsiyalau-turaly-zan-kyshine-endi-296143

Шариғатта өлім жазасы бар болса да, адам баласының өмірін қалай тартып алуға болады?!”

— деді ол.

Бойжеткен биологиялық әкем деп айтып отырған азамат оның анасының туысы. Сол себепті өзі бір қолсыз кемтар болып туған. Әрі қарай ол неліктен қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді қаламайтынын жеткізді.

https://kaz.365info.kz/erkek-boludan-khalady-ajelin-sabajtyndardy-pishtiru-ysynyldy-305325

“Менің педофилдердің өлім жазасына кесілгендерін қаламауыма бір себеп бар.

Әйелді немесе баланы зорлаған адам, тірі қалдырсам бір нәрсе айтып қояр деген оймен оны өлтіріп кетеді”,

— деді Йоханна Ақбергенова.

Сондай-ақ, ол педофилдерді піштіруге қарсы шықты. Себебі, осы піштіретін дәріге қарсы препараттар жетерлік. Яғни олар өздеріне салынған дәрінің күшін аз уақыт ішінде қайтарып жіберіп, бұрынғы әдеттеріне қайта басады. Ол мұның орнына педофилдерді жұмысқа “жегіп”, алған ақшаны құрбандарына беруді ұсынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз