Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жылы күндер артта қалды. Бірқатар өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады

 Қазгидрометтің ақпаратынша, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде – тұман, жел күшейеді, екпіні 23 м/с дейін барады. Жамбыл облысында жел тұрады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел соғады. Қарағанды облысында – тұман, көктайғақ, күндіз жел күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында жел соғып, бұрқасындатады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Маңғыстау облыстарында – тұман, көктайғақ. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз