Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Журналист қыз, жөніңді біл! Төреғали Төреәлі өзін масқаралаған қызға өлеңмен жауап берді

445

Сен емес көңілімді күйрететін,
Сыйластық өз-өзіңді сыйлы ететін.
Үйретпе, үйренбеген дүниемді,
Əкем мен анашым бар үйрететін.

Алдымен ақылменен өлше тілді,
Ел-жұртқа көксегенің көрсетілді.
“Қолыма” тиіскенге қарағанда,
Қолыңнан келетіні сол секілді!?

Сенсация жасағаның барға мəлім,
Ол сенің – жалған кейпің, жалған арың.
Қарындас, қой ондайды,саған айтам,
Тыңдасын шу шығарған арналарың!

Бəрібір бұл ісіңнен түк таппадың,
Ал қолға өз-өзіңді мықтап, ханым.
Себеп жоқ жар салардай жұртқа жайып,
Керек жоқ су татитын сұхбаттарың!

Мейлі, бұл Төреғали жынды болсын,
Тек елге көрсетіңдер нұрлы жол шын.
Қолыма тиіскенше үйреніңдер,
Сендерге “Ұлттық арна” үлгі болсын!

Жарайды,несіне сөз шығындаймын,
Əдепсіз арналарға ұрынбаймын.
Қолымнан микрофон түскенінше,
Жолымнан Алла берген жығылмаймын!!

Өткен аптада Шымкентке концерт беруге барған Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған еді. Концертке дейін отандық өнімді қолдау мақсатында «Назар текстиль» кілем фабрикасына ат басын бұрған жұлдыз он екі мың теңгеге кілем сатып алды. Мақсат –  отандық өнімді танымал адамдар арқылы жарнамалау.

Одан кейін журналистерге сұхбат беру кезінде әншіден бір журналист қолын түсіріп сұхбат беруді қатқыл дауыспен сұраған. Мұны басыну деп түсінген әнші ашуға мініп, сұхбат беруден бас тартқан. Дөрекелік деп бағаланған әншінің бұл қылығы жалпақ жұртқа тез тарап кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз