Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жоғалып, табылған екі баланың анасы олардың үйден қашу себебін айтып берді

133

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Нұрсұлу күйеуімен ажырасқан. Ал қызы Нұрсұлудың телефонынан әкесінің балаларының керегі жоқ екенін жазған хатын оқып қойған. Бүлдіршіннің көңілі түсіп, кіші бауырымен үйден кетіп қалған.

Ал анасы қызының екі ағамен танысып, солардың артынан кетіп қалғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

– Олар ешкіммен танысқан жоқ! Жансая әкесінің сөздеріне ренжіп, көп жылады. Ал Асқар екеуінің Шымкентке баратын ақшасын қыздың өзі жинаған. Алайда біз диспетчерлерге кәмелеттік жасқа толмаған балалардың автобуспен жол жүріп бара жатқанын айтқанда, жүргізуші қорқып, оларды Тараз трассасына тастап кеткен сыңайлы, – дейді Тізекбаева.

Бұдан кейін бүлдіршін жол-жөнекей ГАЗельге мініп, Алматыға барған. Өзінің қай жерде екенін әкесіне өзі хабарлаған. Асқар мен Жансаяның екі үлкен және үш кіші аға-бауырлары мен бір сіңілі бар.

Естеріңізге сала кетсек, 14 жастағы Жансая мен бауыры шілденің 6-сы күні сағат 10 шамасында жоғалып кеткен болатын. Жасөспірім үйге хат қалдырып, 40 мың теңгені алып кеткен. Артынша бүлдіршіндер Алматы вокзалынан табылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз