Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жезөкшелер Абай көшесіне шығып кетті. Полиция оларды неге көрмейді? (видео)

135

Әлгілердің жанында үймелеген адам. Құжынаған көлік. Түнгі 10-11-ден кейін бұл жерде жын-ойнақ басталады. Шөлдеген еркектер ақыл-есінен айырылып әркімнің қойнына жатып шыққан жезөкшелермен аймаласып тұрғаны…

Өзім де еркекпін ғой. Бірақ, әлгілердің деңгейіне түсіп көрмеген екенмін. Түспеймін де.

Бәрін қойшы. Түнімен жезөкшелер қонақтап шықтан әлгі аялдамадан таңертең менің қызым автобусқа отырып кетеді. Олар отырған орындықта отырады. Олар қақырынып – түкірінген, темекінің тұқылдарын лақтырған жерді менің қызым аяғымен басады. Айтпақшы, өткен жолы қызымды автобусқа отырғызып жатып шприц тауып алдым. “Бұл қайдан жатыр” деп таңғалғам жоқ. Қайдан жатқаны және қайдан келгені белгілі ғой.

Полиция байқамаған шығар…

Ал полиция ше? Осы арадан патрульдер жиі жүреді негізі. Бірақ, көрмейді. Әлде көргісі келмейді ме? Түсініксіз. Шын айтам, түсінбеймін. Бәлкім, байқамаған шығар. Байқар болса, баяғыда-ақ тырқыратып қуып жіберер ме еді? Бірақ, қалай байқамайды? Мүмкін емес қой?!

Бәлкім қазір дағдарыс шығар. Жезөкшелерге де жеңіл емес. Оларға да нан табу керек. Басқа жерге барсыншы. Басқа жерге кетсінші. Бұлар енді Абай көшесін былғамасыншы. Бұл көшенің де қадірін кетірмейік. Артында ұлы тұлғаның аты тұр ғой…

Видео ВКонтакте желісіндегі Атамның басы-ай тобында жарияланды.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз