Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
5
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Жерлестері қаза тапқан Тимур Бегасыловты соңғы сапарға шығарып салды (фото, видео)

356

DSCF1199

Оның өмірі бел ортадан үзілді. Тағдыр өзінің қатігез екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өкінішті, өкінішті…

DSCF1218

 

Бұл марқұмның отбасына ғана емес, күллі Қазақстан үшін үлкен қайғы. Тимурдың отбасымен қатар, бізде қан жұттық. Ол өмір сүруге тиіс еді. Анығында, ол өмірді енді бастаған еді. Оның отбасын құрғаны күні кеше ғана. Бірақ, мұны меңіреу тағдыр тыңдасын ба?..

DSCF1245

 

Тимур Бегасыловты өзінің туған ауылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылында жер қойнына тапсырды. Марқұмның артында әйелі мен 10 жасар ұлы қалды.

DSCF1217

Ұлы үнсіз жылады бұл күні. Ұлы тағдырға нала айтты. Қапаланба, қазақтың баласы! Сенің әкең батыр! Сенің әкең батыр! Сен батырдың баласысың!

DSCF1343

Ілгеріде марқұмды жерлеуге бірнеше мың адам жиналғанын айттық. Демек, жерлеу рәсіміне Тимурдың әріптестері ғана келген жоқ. Күллі ауыл, аудан  жиналды. Алматыдан адамдар келді.

DSCF1275

Марқұмды жер қойнына тапсырарда Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Серік Күдебаев былай деді:

– Тимур Тілеуұлы өзінің қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапты. Қайғырдық, әлі де қайғыру үстіндеміз. Өзім ғана емес, тұтас министрлік басшылығының атынан марқұмның отбасына, жақын туыстарына көңіл айтамын. Алла сабыр берсін!.

Артынша Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың көңіл айту хатын оқып берді.

DSCF1344

18-шілде Қазақстан үшін қаралы күн. Ел аман, жұрт тыныш кезде атпалдай азаматтардан айырылдық. Анығында, бізге әр қазақ қымбат. Қазақ аз, себебі.

Тимур Бегасылов осы бір сойқан орын алған күннің ертеңіне саған түскі бірден асқан шақта, Алматыдағы жедел жәрдем көрсету аурухасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол бұл жерге аса ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға барын салды. Бірақ, тым кеш еді. Өмір мен өлімнің айқасында соңғысы жеңді. Тағдырдың жазуы деп қабылдадық. 

DSCF1234

Марқұм Тимур Бегасылов Ішкі істер органдарында  2015 жылдың қаңтарынан бері қызмет еткен. Тірі болса, осы айдың 25-інде ердің жасы 30-ға толар еді. Өкінішті.

Дәл қазір біздің де көзімізге жас үйірілген. Сабыр. Енді қайтып адам қаны төгілмесін деп тілейік.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз