Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жер туралы комиссияның келесі отырысы Ақмола облысында өтетін болды

Үш сағаттан астам уақытқа созылған бүгінгі басқосуға қатысушылар жерді шетелдіктерге жалға берудің жайын талқылады. Түрлі ұсыныстар айтылып, жиналғандар өз ойларын ортаға салды.

Сағынтаев қандай талас болмасын, ең алдымен елдің бірлігі, тұтастығы мен татулығы қымбат деген ойын білдірді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

– Әлеуметтік саладағы ойлардың барлығы жеткізіліп жатыр. Көп ұсыныстар түсті, кейбір шешілмей жатқан мәселелер де көтеріліп жатыр. Сол себептен біздің комиссияның құрылғанының дұрыстығы – ол тек қана бір жер емес, басқа да мәселелерді көтеріп жеткізетін алаң болғандығы.

Мен айтқандарыңызды жазып алып отырмын, Үкіметке тиістісін жеткіземіз, тыңғылықты қараймыз, ұсыныстың бәрі жақсы. Ұсыныстың барлығын штабта қарап, содан кейін барлығын бір жүйеге келтіретін боламыз.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары жер туралы комиссияның ендігі отырыстарын өңірлерде өткізуді, келісісін Ақмола облысынан бастауды ұсынды.

“Келiсiм бойынша, ендігі отырысты келесi аптада Ақмола облысында өткiземiз. Ақмола облысының әкiмiмен хабарласып, отырыстың күнін, қанша адам баратынын белгiлеймiз”, – деді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз