Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жер комиссиясы жұмысын аяқтаған соң Парламент бірқатар заңнамаға өзгерістер енгізеді

«Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң кейбiр нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Републикасы заңының қолданысқа енгiзiлуiн тоқтата тұру туралы» заң жобасы жер заңнамасының кейбiр нормаларын қолдануға мораторий енгiзу туралы Президенттiң 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығын орындау үшiн әзiрлендi. Аталған заң жобасы биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейiн бiрқатар нормалардың қолданысқа енгiзiлуiн тоқтатады.

– Атап айтқанда, шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың үлесi 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге уақытша жер пайдалану құқығын беруге, сондай-ақ ҚР азаматтарына және заңды тұлғаларына мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы жерiне жеке меншiк құқығын беруге байланысты нормалар уақытша қолданыстан алынады, – дедi ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бiрқатар ұсыныстар айтқан. Бiрақ қоғамда қызу талқыға түскен бұл түйiндi мәселенi ойластыра келе, Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн ғана Жер кодексiне өзгерiстер енгiзу шешiлiптi.

– Заң жобасы негiзгi мақсаттарды ескере отырып қаралды. Бұл ретте, заң жобасын талқылау кезiнде жер қатынастарын реттеу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi пайдалануға қатысты басқа да ұсыныстар түскенiн атап өту керек. Бiрақ бұл сұрақтарды бастамашылар өздерi күн тәртiбiнен алып тастады. Депутаттық корпустың алаңдауын түсiнемiз, сонда да жер заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi тек жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн ғана қарастырған жөн деп есептеймiз. Осыған байланысты бұл заң жобасында Мемлекет басшысының мамырдағы Жарлығына негiзделген ғана нормалар бар, – дедi Мәжiлiстiң аграрлық мәселелер комитетiнiң мүшесi Сергей Звольский.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, заң жобасын екi оқылымда мақұлдады. Аталған құжат ендi Сенаттың қарауына түседi.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз