Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
18
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Жер комиссиясы: сауалдардың көпшілігі 10 сотық жерге байланысты

«Бүгiн сiздермен ашық пiкiрталас өткiзiп, Алматы облысы жұртшылығының, шаруаларының ой-пiкiрлерiн, ұсыныстарын тыңдағымыз келiп отыр», — дедi отырысты ашқан Б.Сағынтаев.

Комиссия төрағасы хабарлағандай, бүгiнгi күнге дейiн штабтың жанынан құрылған байланыс орталығына 9500 қоңырау келiп түскен. Оның 73-75% 10 сотық жерге байланысты болып отыр.

«Алматы облысынан 500-ге жуық қоңырау келiп түстi, оның 1,3% ғана Жер кодексiне енгiзiлген нормаларға байланысты, қалған сұрақтап басқа салаларға қатысты екен. «Jerturaly» сайты жұмыс iстеп жатыр, оған да түскен ұсыныстар бар. Бұдан бөлек, хат жүзiнде де ұсыныстар келiп түсуде. Штаб оның бәрiн бiр жүйеге келтiретiн болады», — дедi Б.Сағынтаев.

Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Алматы облысындағы отырысына селекторлық режимде өңiрдiң барлық аудандары қосылған. 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз