Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жемқорлықпен айыпталған Жаманқұлов мемлекетке 6 миллион теңге қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов 3-қарашада мемлекетке келтірген шығынның бір бөлігін өтеді, оның жасы мен аты және кепілге қойған мүлкі ескеріле отырып, үйіне босатылған болатын.

„Бүгіндері 6 миллион теңгені қайтарды. Ол „Қазақфильм„ алдындағы барлық қарызын төлеймін деп өзіне үлкен жауапкершілік алды„ – деді Қожамжаров Мәжілістің кезекті отырысынан кейінгі дәлізде журналистерге берген сұқбатында.

Сондай-ақ ол жасағанын мойындап, шындап өкінетінін білдіруіне байланысты қылмыстық жазадан босату туралы өтініш жасады. Бұл өтініш келтірілген шығынды Жаманқұлов, фильмнің атқарушы продюсері Юдина және „Қазақфильм„ АҚ-тың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ысқақова толықтай өтеген жағдайда қарастырылатын болады.
Еске сала кетелік, 2-қарашада қазақтың атақты актері Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Кейіннен оның „Феникс„ фильміне бөлінген бюджет ақшасын ұрлағанын мойындағаны белгілі болды. Ол ақша жеке бастың қамына жұмсалған. Ол кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеуге уәде еткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз