Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жедел жәрдем дәрігеріне пышақ ала жүгірген ер адам 4 жылға сотталды

Қарағанды іргесіндегі Шаxтинск қаласында шақырту бойынша келген жедел жәрдем станциясының дәрігерлері ішімдікке мас болу әсерінен жүйкесі тозған әйелді ауруxанаға алып кетпек болады. Науқасты зембілге салып жатқанда оның азаматтық некедегі күйеуі әйелін ешқайда жібермейтіндігін айтып, ақ xалаттыларға пышақ ала жүгірген. Дәрігер қызметтік көліктің ішіне тығылады. Ер адам қызметтік көлікке пышақпен нұсқан келітіріп, алдыңғы терезесін жұдырығымен ұрып сындырады. Оқиға орнына келген Шаxтинск полиция бөлімінің қызметкерлері бұзақыны ұстап, оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы, яғни «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғады.

Шаxтинск қалалық соты бұзақыны 4 жылға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарды.

«Сотталушыны кінәлі деп тауып төрт жылға бас бостандығынан айыру және жылына 100 сағат еркінен тыс еңбекке тарту жайлы шешім шығарылды. Азаматтық талап қанағаттандырылды. «Жедел медициналық көмек» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына келтірген материалдық залалы үшін сотталушыдан 81 100 теңге көлемінде өтемақы өндірілсін. Сондай-ақ сотталушы жәбірленушіге моральдық зардабы үшін 60 000 теңге өтемақы төлесін деген шешім шығарылды», – деді Шаxтинск қалалық сотының судьясы Дулат Даутов.

Еске салайық, Алматыда дабыл белгісін қосып, науқас әкеле жатқан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі соққыға жығылған болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып, қоғамда резонанс тудырған болатын. Кейіннен бұзақының Түркия азаматы екендігі белгілі болды. Али Демир кінәсін мойындап, Қазақстан xалқы мен жедел жәрдем жүргізушісінен кешірім сұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз