Желтоқсанның 7-сі мен 9-ы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, боран, қатты жел соғып және көктайғақ болады. Елдің оңтүстігінде жауын жауады.
Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдарда жағдайдың нашарлайтынын ескертті.
«Бұл метеорологиялық құбылыстар Ресейдің еуропалық бөлігіндегі батыс Сібірге циклондардың ауысуымен байланысты болып отыр. Барлық осы құбылыстарды тудыратын фронттар жүйесіне кіретін циклондар. Әсіресе, қауіпті боран күтіліп, көріну нашарлығы 200-500 метрге дейін жетіп, көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік шығысқа оңтүстік циклон тағы да ықпал етеді. Сондай-ақ, жауын-шашын күтіліп, тұман мен көктайғақ орын алады. Ауа температурасы 3-6 градусқа жоғары климаттық нормаларды көрсетеді », – деп хабарлады синоптиктер.
Желтоқсан айында елде жауын-шашын және қар жауады деп болжанып, айдың ортасында ауа температурасы түнде бірте-бірте төмендейді. Елдің солтүстік және орталық аймақтарында 17 градусқа дейін төмендеп, оңтүстікте 3 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстан бойынша алдағы қысқа ауа райы болжамы
“Қазгидромет” РМК синоптиктерінің ұзақ мерзімді болжауына сәйкес, республикадағы қыс ерте және қарлы болады деп күтілуде. Қаңтар айында температура көрсеткіші орташа деңгейді көрсетіп, бір градус Цельсий бойынша көзделеді. Тек, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шамамен орташа мәнге ие көрсеткіштер болады. Ал ақпан айында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында температура көрсеткіштері орташа болып, төмен климаттық мәнге ие болады.