Бұл жолы да оқиға Сарыағаш ауданында мектеп оқушылары арасында болған. 13 жастағы бала бір мектеп-интернатта оқитын өзінің құрдасы мен оның 9-шы сыныптағы ағасынан бір жыл бойына жәбір көргенін айтады.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Мектеп-интернатта көрген қорлығы жайлы бала анасына да, тіпті, туған ағасына да ләм демей жүрген. Тек сыныптастарының бірі бөлмедегі жайтты суретке түсіріп алып, оны өзге ұлдар арасында таратып жіберген соң ғана айтуына тура келіпті.
“Жатқызып қойып, дамбалымды шешті. Бағлан бірінші істеді, сосын екіншісі Жасұлан кереуетіне жатқызып істеді.
Айқайладым, ешкім естімеді. Коридорға шығып айқайлайын деп едім, ұрып тастады. Айтатын болсаң, быт-шытыңды шығарам деді кейін. Содан айтпай жүрдім”, деді жәбірленуші.
«Азғыратын бопты». 16 жас кіші әйел алған соң Абай Бегеймен қызы сөйлеспей қойған
Ал азғындар өзінің ауылдастары екен. Шайхана ауылында 11 жылдық мектеп болмаған соң, Жылға ауылындағы мектеп-интернатта бірге жатып оқып жүрген. «Зорлады» дегендердің бірі -13-те, ал екіншісі – 15 жастағы ағалы-інілілер екен. Анасының айтуынша, олардың туыстары да, мектеп басшылығы да «шу шығармайық» деп ақша ұсынған көрінеді.
“Ойбай, ауылдаспыз ғой, көршілеспіз, ұят болады деді интернаттың меңгерушісі мен мектеп директоры. «Қанша берейік? Осы істі жаба салайық? Бәріміз қазақпыз ғой? Неменеге жан-жаққа жаясың? Жайма!» дейді. Менің баламның өмірі ғой деп ұрыстым оларға”, деді баланың анасы.
Ал зорлық-зомбылық былтыр қыркүйектен басталған көрінеді. Сонда бала бірден тәрбиеші ағайына айтқан. Алайда оны біз іздеп таба алмадық. Сөйтсек, ол осы айдың 10-ы күні полицияға арыз түссе, 13-і күні жұмыстан кетіп қалған екен. Ал мектеп басшылығы ұлдарды емес, оқиғаны ушықтырмауды ойлап отыр.
Шымкентте камераға түсіп қалған педофил жайлы жаңа мәлімет шықты
“Жан жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Ондай жағдай болу мүмкін емес деп бір бөлмеде жатқан оқушылардың өздері айтып жатыр. Ата-анасымен сөйлестік. Бітімгершілікке шақырдық. Екі жақты табыстыруға бір әрекет жасап көрдік. Бұл іспен қазір полиция айналысып жатыр”, деді №12 Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры.
Сорақысы сол, жасөспірімнің айтқанына қарамастан тәрбиешісі биыл да ұлдарды бірге жатқызыпты. Осы қорлықтан соң бала үлкен дәретін ұстай алмай қалған. Оны тексерген алматылық дәрігерлер тік ішегінде жарақат барын айтыпты. Ал тыр-жалаңаш суреті оқушылар арасында тарап кеткен жасөспірімнің өзі мектепке енді мүлде барғысы жоқ.