Осыдан біраз уақыт бұрын өзінен 16 жас кіші әйел алған Абай Бегеймен тұңғыш қызы сөйлеспейтін болған. Тіпті әншінің үлкен қызы әкесінің тойына да келмеген деп хабарлайды “Ел аузында” бағдарламасы.
Әнші балаларына өзінің екінші рет шаңырақ көтеретін қалай түсіндіргенін айтып берді.
“Балаларымды азғыратын адамдар пайда болды. Үйге келсем, олардың түрлері өзгеріп кетеді. Балаларымды Алматыға оқуға ауыстырдым. Қазір мұның бәрі реттеліп келе жатыр.
Менің телефоным қазір блокта тұр. Әлі үлкен қызыммен сөйлескен жоқпын. Әйелімнің туыстары, апалары, сіңлілері де ренжулі. Бірақ уақыт өте келе бәрі орнына келеді деп ойлаймын”, – деп ағынан жарылды әнші.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Абай Бегей екінші рет орамалды арумен шаңырақ көтерген болатын.