Осы тұста Шымкентте 11 жастағы баланы зорламақ болған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Азғындыққа барған 33 жастағы азамат кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Биыл шілде айының басында ересек жігіт жас баланы подъезге күштеп кіргізіп, бас салғаны сол подъез ішіндегі бейнекамераға түсіп қалған еді. Қарсыласқан жеткіншекті бірнеше мәрте ұрып, сосын жерге құлатқан оның баланы зорлауға әрекеттенгені видеоға анық түскен.
Баланы кездейсоқ келіп қалған көршісінің айғайы ғана құтқарып қалған-ды. Із жасырмақшы болған күдікті сол күні-ақ ұсталды. 15 жылға сотталған ол енді жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.