Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жатамыз…”. Жеңгесін тоқалдыққа алған жігіт елдің сөзіне шыдамай бар шындығын айтты

782

Содан езіліп жүріп еңсе тіктедік. Ата анасыз өмір сүру әрине, оңайға соққан жоқ. Қайта сол кезде ағамның жүріп жүрген қызы Жайна бізге көп көмек беріп, қамқорлық танытты. Ана орнына ана болды десек те болады. Барлық керек дүниелерімізді түгендеп, кірлерімізді жуып, тамағымызды істеп беріп отырды”, – деген ол кейін ағасы мен Жайнаның шаңырақ көтеріп, екі баланы ата-анасы атанғандарын жеткізді.

Кейіннен ағам екеуі шаңырақ көтеріп, некелерін қиды. Бір ұл, артынан бір қыз босанды жеңгем. Жас отбасы ретінде Алматыдан үй де алды. Бұл кезде мен де жеңгемнің таныстыруымен жақын сіңілісін ұнатып, үйлендім”, – деген оның басынан әлі де қара бұлт арылмаған екен.

https://kaz.365info.kz/soge-zhamandamanyzdar-anshi-ajkhyn-tokhaly-ekeui-bir-satte-zhelide-zhazba-zhariyalady-foto-328998

Жас жігіт қапияда ағасынан да айырылып қалады.

“Бір күні ағам өндіріс орнынан үйге қайтпай қалды. Өндірістегі аварияның салдарынан смендегі ағам және оның жанындағы үш жігіт көз жұмыпты. Жылап еңіреп қала бердік. Әсіресе жеңгеме ауыр тиді бұл жағдай. Біз қиналғанда бізді тастап кетпей, қамқорлық көрсетіп еді. Енді мынандай жағдай өз басына түскенде мен қалай оны жалғыз қалдырам? Ағамнан қалған екі балаға да, жеңгеме де өзім қамқор болам, тапқан ақшамды екі үйге бірдей бөліп беріп отырам деп келіншегіме айттым. Ол да Жайна әпкесін ерекше жақсы көреді. Бірден келісті. Ағамның жылын бердік, артынша қатарынан үш жыл асын бердік.

Бірде келіншегім әмеңгерлік туралы әңгіме қозғай бастады. Мен таңырқап қалдым. Жеңгемді қалай әйел қылам, қалайша оны құшағыма басам?! Ұғар емеспін”, – деді өткенін есіне алған кейіпкер.

 

https://kaz.365info.kz/basyma-tayakh-bop-tidi-tanymal-akter-zhas-tokhalyn-tastap-bajbishesine-oraldy-foto-328811

Алайда ол жеңгесін әмеңгерлікпен алуға келісіп, мешітте некесін қидырыпты.

“Келіншегім бір айға жуық осы әңгімені айтумен болды.

Ұққаным, ер адам қаншалықты әйел құшағын аңсап, қалап тұрса әйел де еркек құшағын, жылуын соншалықты аңсайды екен. Ағам қайтқалы да бесінші жылға аяқ басты. Жайна жеңгем қатты қиналып жүрген көрінеді. Келіншегім Жайна әпкесімен де бұл тақырыпта сөйлесіп көріпті. Кет ары емес көрінеді.

Сонымен ұяла, ұяла Жайна жеңгеммен отырып сөйлестім. Әрине ағамның балаларының басқа біреудің босағасында жәутеңдеп жүргенін қаламайтынымды, сіз қарсы болмасаңыз шариғат жолымен, баба салтымен сізді әмеңгерлікке алайын туыстарыңыз қарсы болмаса деп айттым. Жеңгемнің туыстары қайта осы жайтты маған жеткізе алмай жүрген көрінеді. Сонымен, сөзіміз бір жерден шығып, азын аулақ туыстарды жиып имамның алдында некемізді қидырдық”, – деген азамат бүгінде екі әйелінің тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын да жасырмады.

“Гүлжаннан құдайдың берген үш ұлым бар. Ал әмеңгерлікпен алған Жайна жеңгемнен сүйкімді қызым бар. Жалпы алты баланың әкесі атанып отырған жайым бар осындай. Бар тапқанымды екі үйге қылдай бөлем, келіншектерім де риза. Өздері де жұмыс істеп, бірінің жетпей жатқанын біріне апарып беріп, күліп ойнап жүр. Екі үйге де кезекпенен қонам.

 

https://kaz.365info.kz/khyz-dep-khaldy-astanalykh-zhas-khyz-aukhatty-adamnyn-basyn-khalaj-ajnaldyrganyn-ajtty-328841

Мен бұл жайтты баяндау арқылы еліміздегі белең алып бара жатқан тоқал мәселесін қоздырайын деп отырған жоқпын. Тек басыма түскен осы істен сіздер де сабақ алсаңыздар екен”, – деді есімін жасыруды қалаған азамат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз