Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Жастар жаралы полицейге қалай көмектесті?

Куәгерлер түсірген таспа осы. Мұнда лейтенант Тимур Бегасылов әлі тірі кезі. Қандықол қылмыскер оны ауыр жаралап, полицей қызылала қан боп жатыр. Нұрбақыт Дәуітқұлов осы кезде дереу жұмысынан жүгіріп шығып, жаралы жігітке жанталаса көмек берген.

“Қанына қақалып жатыр екен. Кейін көтеріп алып  мұрнын, аузын тазалап демалттық. Сәл өз-өзіне келді, бірақ шок алғаны байқалды”, – дейді оқиға куәгері Нұрбақыт Дәуітқұлов.

Ащы шындығы сол, қалған жұрттың шамасы болған жайтты тек телефонға түсіріп тұруға ғана жеткен. Ал Нұрбақыт Тимурдың жаралы басын жерге тигізбей қанды тоқтату үшін барынша тырысып баққан. Тағы 3 қыз оған барынша көмектескен. Дарья мойнындағы жарасын таңса, ал Анастасия есімді бойжеткен жолда бинт іздеп, дәрі-дәрмекке жүгірген. Надежда болса жылдам жедел-жәрдем шақыртыпты.

“Сақалдыны бірден байқадық. Ол полиция қызметкеріне оқ атты. Ал көліктегі полицейді өлтіріп тастады. Біз бірден ойланбастан көмекке ұмтылдық”, – дейді оқиға куәгері Надежда Александрова.

Қыздар қатты қорықса да, полицейді жалғыз тастамауға бел буыпты. Жақын маңайда лаңкестің қару асынып жүргеніне қарамастан, Бегасыловтың жарасын таңуға тәуекел еткен. Бәрінен бұрын сол кезде оқиғаны қызықтап тұрған адамдардың салқынқандылығы бойжеткендердің жанына батады.

“Бәрінен бұрын қарап тұрған адамдар жанға батты. Оларға телефонға түсірген әлдеқайда қызық болды. ол жағдайды ешқашан ұмытпаспын”, – дейді оқиға куәгері Анастасия Харламова.

Лейтенанттың аурухана төсегінде бақилық болғанын естіп жастар егіле жылаған. Қолынан келген көмегін аямаған олар туыстарына қайғырып көңіл айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз