15 жамбылдық студент келесі оқу жылында Оңтүстік Корея мемлекетінде оқуы мүмкін. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіге қатысқан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов осылай мәлімдеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ҚР Білім және ғылым министрілігімен бекітілген 2011 жылға арналған кредиттік оқу технологиясын жетілдіру жоспарында Болон үдерісін іске асыру аясында оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуға көп көңіл бөлінуде.
Университетте оқытылатын корей тілінің мамандары арнайы шақыртылып, баспанамен қамтылды. Бүгінгі таңда 15 студент корей тілін меңгеріп, келесі оқу жылдарында Оңтүстік Корей мемлекетіне жолдамамен бару мүмкіндігіне ие болады.
Университет профессор-оқытушылары Қытай мемлекетінің жоғары оқу орындарында іс-сапарда болып, білім мен ғылымды инновациялау бойынша тәжірибе жинақтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін шет мемлекеттерде жариялауға мүмкіндіктер алуда.