Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Жалаңаш төсін көрсеткен астаналық депутат жұрттың жағасын ұстатты

1011

Астаналық депутат әрі модель Данагүл Тасова «Fashion Night Astana» сән көрсетіліміне қатысты. Оның сән сахнасына ерекше көйлек киіп шыққан сәтінің суреттері желіде тарап кетті.

Суреттерден депутаттың жұқа әрі селдір матадан тігілген көйлек кигені байқалады. Белгілі болғандай, ол  Dana Dyusembayeva сән үйінің көйлегін таныстырған. Сәнгердің ойластыруы бойынша, модель көйлектің ішінен ішкиім кимеуі тиіс.

Тасованың өзі Instagram желісіндегі парақшасында дәл осы көйлекті киіп түскен суретін жариялаған. Алайда ол жерде қолымен кеудесін жауып тұр.

Осылайша, тәнін ашық көрсеткен Данагүл  Тасова жұрттың қызу талқысына түсті. Желі қолданушыларының дені оның тым ашық көйлегін сынап, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

«Масқара, ұят. Не болып бара жатырмыз? Депутат осылай жасаса, қарапайым халық не істемейді?», «Қайран қазақ қыздары-ай! Ұят қайда?», «Мен ғана сәнді түсінбеймін бе? Әлде тәнін осылай көрсету дұрыс емес деп ойлайтын басқа да адамдар бар ма?» – деп жазды желі қолданушылары.

Десе де пікір қалдырушылардың ішінде депутатты жақтап, кеудесін көрсеткенде тұрған ештеңе жоқ екенін айтқандар да табылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз