Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жалаңаш әйелмен суретке түскен Playboy моделі түрмеге қамалады

155

30 жастағы модель бұл суретті “Снэпчат” желісіне жүктеген. Басылымның мәліметінше, 26 мамырда сот нақты шешім қабылдайы. Дэни Мэтерс жарты жылға түрмеге қамалып, оған мың доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

30 жастағы модельдің бұл суретті былтыр жаз айында жариялағаны белгілі болды. Осыған байланысты қызды тіпті таңертеңгі уақытта болатын танымал радиошоудан шығарып жіберген, сондай-ақ, модель өмір бойына фитнес клубтардағы залдарға бару мүмкіндігінен айырылды. Дэни барлығынан кешірім сұраған, алайда сот оның кінәсін мойындағанын жеткіліксіз деп санады. Басылымның мәліметінше, модель жеке өмірге қол сұқпаушылық туралы заңды бұзып отыр.

Айта кетейік, Playboy журналы 2015 жылы Дэни Мэтерсті үздік қыз деп таныған болатын. Америкалық актриса журналдың бетіне алғаш рет 2013 жылы шыққан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз