Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Жаңақорғанда апатты мектептің орнына жаңасы салынып берілді

Мұнан бөлек, аймақ басшысы Шиелі ауданында болып, күрделі жөндеуден өткен Алғабас ауылдық мәдениет үйінің жұмысымен танысты. 30-тамыз – Конституция күніне арналған шараға қатысып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меншігіндегі «Шапағат» ғимаратына жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Аталмыш нысанда кітапхана, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі орналасатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы 4 жылда Қызылорда облысының білім саласына бөлінетін қаржы 2 есеге артты. 2013-2015 жылдары облыс бойынша 43 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қазір Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын мектеп жоқ.

Енді құрылыс қажет ететін 11 мектептің құрылысы биыл басталатын болады. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі де толық шешімін табады. Сонымен қатар, жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар үшін облыс әкімінің 350 білім гранты тағайындалып келеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз