Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Зейнетақы жинағына қатысты құрылған қоғамдық кеңесті Досым Сәтбаев басқаратын болды

Жоспарланбаса да, ашық дауыс беру арқылы төрағаның орынбасарын сайлау шешімі қабылданды. Көпшілік дауыспен бұл қызметке “Деловой Казахстан” газеті бас редакторының орынбасары Алевтина Донских лайық деп танылды.

Кеңес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін жетілдіру мен зейнетақымен қамсыздандыруды жақсартуға қатысты маңызды мәселелер бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларының ой-пікірін сараптап-пысықтау мақсатынды құрылды. Сондай-ақ, қордың жанындағы түбегейлі жаңа тәуелсіз консультативтік орган қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын, БЖЗҚ қызметін жетілдіруге бойынша ұсынымдар әзірлейтін және халықтың зейнетақы жүйесіне деген сенімінің түйткілді мәселелерін анықтайтын алаңқайға айналады.

16-ақпанда қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

“Қоғамның мүддесі мен зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларының пікірін ескеру қажет екенін түсіне отыра, біз Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жанында тәуелсіз консультативтік-кеңесші орган ретінде қоғамдық кеңес құруды ұсындық. Ол жариялылық, сарапшылардың, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің, салымшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ерікті қатысуы негізінде құрылды”, — деді қор басқармасының төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева.

Барлық кездесулердің хаттамалары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында жарияланатын болады. Келесі отырыс бір айдан кейін 15 наурызда өтпек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз