Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Заттыбек жетім балаларға мол дастархан жайып, тегін концерт қойды (фото)

Жақында ғана әнші жетімдер үйінде қонақта болып, 400-дей балаға мол дастархан жайып, оларға тегін концерт қойып беріпті. 

13941157_1088592981231746_13337767_n

Бұл туралы Заттыбек өзінің Инстаграм парақшасында жазған екен. 

“Машатта демалып жатқан 400-ге жуық балалардың көңілін көтеріп, кеше Шымкенттегі інілеріммен бірге дастархан жайып, концерт беріп қайттық. Жүзіміз күліп тұрса да жүрегіміз жылап тұрды. Тәп-тәтті балапандарын тастап кеткен адамдар қалай жер басып жүр екен?! Балапандардың қолымды ұстап, жібермей «Аға, кетпеңізші. Бізбен бірге болыңызшы, тағы да ән айтайықшы, енді қашан келесіз» – дегені көзге еріксіз жас келтірді. Енді жиі барып, әңгімелесіп, сырласып тұратын орта таптым. Ол балалар үйі. Балапандар ауырмасын, өссін, өнсін! Осы елдің ең беделді де мәртебелі тұлғасына айналсын!” дейді әнші. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз