Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қызық қой бұлар! Қарағанды тұрғындары қаржы пирамидасына 2 миллиард теңге салып жіберген

«Оптовканың» басшысы Елена Колесникова (төменде суретте) ең кемі 50 мың теңге әкелген адамға аптасына 7 мың теңге үстеме ақы беріп отырыпты. Оңай олжаға құныққандар осыдан кейін оған қаражат әкелуді үдете берген. 6-ақ ай жұмыс істеген фирманың басшысы ұсталар алдында есеп-шотқа 1 миллиард теңгеден аса қаражат түсірген екен. Салымшылар Колесникова ұсталғанда, оны босатуды талап етіп, шу көтерген болатын. Ол бостандықта жүрсе қаражат еселеп қайтатынына сенетіндер әлі де бар.

Дегенмен прокуратура ел өткізген 2 миллиард теңгенің 600 миллионының ғана жұртқа қайтқанын айтады. Ал шотында қалғаны бар-жоғы 120 миллион теңге. Қалғанын пирамида басшысы шетел асырып жіберген сыңайлы. Өйткені, бала-шағасы да қазір Еуропа елдерінде жүр. Әзірге қаражаттан қағылғанын жаңа сезген 234 салымшы ғана алдандық деп арыз түсіріпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз