“Қазақстан” ұлттық арнасындағы “Таңшолпан” бағдарламасының жүргізушілері ұятқа қалды. Олар “Абай жолы” романының авторын Мағжан Жұмабаевпен шатастырған оқушыны түзетпей, сынға ілікті.
Бұл туралы Nur,kz хабарлады.
Гүлнұр Оразымбетова мен Данияр Есен жүргізген бағдарлама шығарылымы кезінде Астана бойынша үздік деп танылған оқушылар қонақ болған. Алайда тікелей эфирде “Қандай кітап оқыдың?” деген сұраққа жауап берген оқушы “Абай жолы” романының авторын айта алмай, шатасып қалған. Ол Мұхтар Әуезов деудің орнына Мағжан Жұмабаев деп сөзінен жаңылысқан. Бірақ оның бұл олқылығын тележүргізушілер түзетуге тырыспаған.
https://kaz.365info.kz/erlan-kharinnen-khajyr-bolmady-ylttykh-arna-ali-de-sajkhymazakhtar-arnasy-eken-254768
Аталған видеоны желіге салған Гүлнәзия Мейірханқызы есімді журналист оларды сынның астына алған.
“Қарғаның көзін қарға шұқымайды” деген бар ғой. Бірақ, айтпасқа, салмасқа дәтім шыдамады!!! “Таң шолпан” бағдарламасына Астананың, мүмкін бүкіл елдің шығар, әйтеуір ең үздік оқушылар шақырылыпты. Соңғы рет оқыған кітаптарың деген сұраққа қатқан үздіктің жауабы: “Мағжан Жұмабаевтың “Абай жолы”. Екі томын аяқтап, үшіншісін бастаудамын депті. Жарайды, мүмкін камера алдында, бала ғой, қателескен болар.
Бірақ, бағдарлама жүргізушілері неге түземейді? Дүйім жұрттың алдында Мұхтар Әуезов дегің келген болар деп іліп әкететін реті еді-ау…
https://kaz.365info.kz/oj-siz-mykhtysyz-goj-tanymal-zhazushy-gylnyr-orazymbetovany-dattady-ma-makhtady-ma-257014
Әлде олар да “Абай жолы” романын кім жазғанын ұмытты ма? Тікелей эфирде сасып қалды ма? Бірақ, “Абай жолын” оқымаған, одан қателесетін қазақ жоқ шығар, сірә…
Желі қолданушылары мүдіріп қалған оқушыны түземеген жүргізушілерді сынап, оларға ренішін білдірді.
“Білсе, іліп алар еді”, “Оразымбетова және жанындағы журналист сымаққа да ұят””, – деп жазды олар.
Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы ең үздік оқушылар қатарына Қарақат пен Қыдырәлінің ұлы Бекболат та іліккені туралы хабарланған.