Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Үш тілді сәби кім болып шығады?

178

Ең озық ұлт жапондар балалары 14-15 ке келмей бірде бір басқа тілді оқытпайды. Атақты ғалым Дэвид Кристал бір ұлтты жойып жіберу үшін ол ұлтқа қос тілділікті енгізсе жетеді, үстем ұлттың тілі кіші ұлттың тілін бұзады.

Тілі бұзылған ұлт ақыры жойылып бітеді деген.

Қазақ қазір тілін орыс тілімен шұбарлап болды. Жапондар балалары 15 тен асқасын, тек керек болады-ау деген шет тілдерін ғана оқытады.

Ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері: “Тілі екеудің діні екеу”деген. Ал тілі үшеу кім болып шығады?

Жастайынан бірнеше тілде тілі шыққан сәбиде ата-ана, ұлтым, ұлттық сана дегеннің болмайтыны дәлелденген. Қазақстанда оның бәрін сені мен менен де жақсы біледі. Олар осының бәрін әлдебір құпия халықаралық ұйымдардың тапсырмасымен істеп отыр ма деп қорқамыз.

Гендерлік саясат та сол. Егер билік қазақтың жартысын кириллица, жартысын латынша қылмай бәрін латынға бірден көшірсе ниеті түзу деуге болар еді.

Ал мынау қазақ ұлтын екіге бөлу. Ресей не басқа республикалар неге үштілділік дегенді аузына алмайды? Әлде қазақтар орыстан, жапоннан, өзбек, әзірбайжан, түрік, татар т.б. бәрінен озып қайда бармақшы?

Лепірмеліктен, дабырашылдықтан, ұраншылдықтан, мақтаншақтықтан, “бес бастамашылдықтан”-ақ жарылып өлетін шығармыз.

Мырзан Кежебайдың

facebook парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз