Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
6
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Қырғызстанда баптист әйелді жерлеуге кедергі жасағандарға қылмыстық іс қозғалды

14 қазанда Ала-Бука ауданы Сары-Талаа елді мекенінде туып-өскен Қаныгүл Сатыбалдиеваның денесін жергілікті молаға жерлеуге имамдар мен тұрғындар қарсы болған. Себебі ол христиан-баптист дінін ұстанған. Тұрғындар наразылығынан кейін оны көрші Орукту ауылының зиратына жерлеген. Алайда онда да жергілікті халық қарсы болып, марқұмның денесін қайтадан қазып алуларына тура келген.

Кейін әйелдің денесін сол ауылдың христиан зиратына жерлейді. Бірақ ол жерден де денені қайтадан қазып алып, басқа жаққа алып кетеді.

Осы оқиғаға байланысты омбудсмен Кубат Оторбаев елдің Бас прокуратурасына хат жолдап, әйелді жерлеуге кедергі келтіргендерге қатысты шара қолдануын сұраған. Ол зиратқа деп бөлінген жерлер жергілікті билікке қарайды, бұл аумақтың имамдарға еш қатысы жоқ деп атап өткен.

sektyi

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз