Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ұлттық бюро қайтадан жауап алу үшін Әбілязовты Қазақстанға шақырды

“ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 208-бабының 1-бөлігі бойынша, күдікті жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырылады. Алайда күдікті Әбілязовтың Қазақстан Республикасында болмағандықтан және келуден бас тартқандықтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 205-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, хабарламаны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды”, – деп мәлімдеді Ұлттық бюродағылар.

Еске сала кетелік, 2016 жылдың 9-желтоқсанда Франция түрмесінде 3 жыл болған Мұхтар Әбілязов босап шыққан болатын. Экс-банкирді Франциядан Ресей, Украина, сонымен Қазақстан да экстрадициялауды сұраған. Ресми деректер бойынша, 2005-2009 жылдары БТА банкке басшылық еткен Әбілязов бірнеше қаржылық алаяқтық істер бойынша айыпталып, күдікке ілінген. Ал оның үстінен іс қозғалған кезде ол шетел асып үлгерген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз